Сәлемдесіу

Құрметті сайт қонақтары!

 

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентінің «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің Орталық — әрбір баланың өз қабілетін ашуына, жанына жақын іспен айналысуына, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне, достар табуына және болашақ жетістіктеріне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік беретін шығармашылық пен шабыт мекені.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты — балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға, қоғамға бейімделуіне және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына қолайлы жағдай жасау.

Қазіргі таңда Орталықта 200-ден астам бала қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алып, төмендегі бағыттарда шығармашылық қабілеттерін дамытып жүр:

  • көркемдік-эстетикалық бағыт;
  • әскери-патриоттық бағыт;
  • сәндік-қолданбалы өнер бағыты.

Біздің педагогтер тәрбиеленушілердің талантын шыңдап, жеке қабілеттерін дамытуға, байқауларға, фестивальдерге, көрмелерге және спорттық іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетеді. Әрбір баланың өзін үлкен шығармашылық отбасының бір мүшесі ретінде сезінуіне, армандауына, өзіне сенімді болуына, алға ұмтылып, жетістіктеріне қуануына жағдай жасауға тырысамыз.

Сіздерді Орталығымыздың тыныс-тіршілігімен танысуға, шығармашылық үйірмелердің жұмысы, тәрбиеленушілеріміздің жетістіктері, өткізілетін іс-шаралар мен қызықты жаңалықтар туралы ақпарат алуға шақырамыз. Біздің сайт сіздер үшін пайдалы ақпарат көзі болып, Орталық қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

 

Құрметпен,

Жолымбет кентінің «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК директоры

Салихова Аида Латыповна